Бүгін – Сайран Қадырұлының туған күні

2016 Жыл 01 айдың 15 күні

KAZNEWS – Бүгін - саясаткер, дипломат Сайран қажы Қадырұлының туған күні.  

Сайран қажы Қадырұлы 1955 жылы 15 қаңтар күні Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген.

1962- 1972 жылдары Өлгий қалалық 1-10 жылдық орта мектебін, 1972-1973 жылдары Ресейдің иркутскдегі мемлекеттік    университетінің дайындық факультетін, 1973-1978 жылдары Москва мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын  халықаралық қатынас мамандығымен бітірген.

 

Анкараның дипломатиялық академиясы, Израильдің дипломатиялық академиясы, Ұлы Британияның Бирмингхем университетінде мерзімдік оқытуларға қатысып мамандығын жетілдірген.

 

1978-1986 жылдары Монғолия сыртқы істер министрлігінде дипломат қызметкер , 1986-1990 жылдары еліміздің Египеттегі елшілігінде дипломат қызметкер, 1990-1992 жылдары Монғолия Халық Ұлы Хуралы депутаты әрі Мемлекеттік Кіші Құрылтай мүшесі, 1992-1995 жылдары Президент жанындагы діни кеңес мүшесі,  1995-1997 жылдары сыртқы істер министрлігінде департамент орынбасары, 1997-2001 жылдары Моңгол елінің Египет Республиқасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып жұмыстады және сол жылдары Арабтың Біріккен Әмірлігі, Кувейт, Эмират, Оман, Катар, Бахрейн, Израиль елдеріндегі Монғолия елшісі қызметін қоса қабат атқарды.

2006 жылдан Президент жанындағы діни кеңес мүшесі, Президенттің Араб елдеріндегі сенімді өкілі, 2004 жылдан Монғолия Мемлекеттік Ұлы Қурылтайының мүшесі.

Сайран қажы Қадырұлы  2009 – 2013 жылы аралығында Монғол елінің Кувейт еліндегі алғашқы Төтенше және Өкілетті елшісі болып қызмет атқарған.

Сайран қажы Қадырұлының дипломатиялық еңбегін Монғол елі жоғары бағалап «Алтын жұлдыз» орденімен сыйлаған.

Қазақстан Республикасы II дәрежелі  «Достық»  орденімен марапаттап құрмет көрсеткен.

Қазақ, монғол, араб, түрік, ағылшын тілдерін жеттік меңгерген, Монғолия қазақтары арасынан шыққан алғашқы дипломаттардың бірі.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 2
Zoshin 
/ 2016-01-16 15:12:56 /
Sairaan guai Onts bogood Buren Erht elshin said tsoltoi hun shuu dee
honah 
/ 2016-01-16 13:23:33 /
oros tilinde jettik mengergen