Н.Айшолпан Сандэнс кино фестиваліне қатысады

2016 Жыл 01 айдың 14 күні

KAZNEWS – Айшолпан Нұрғайыпқызы 18 ақпан күні АҚШ-та өтетін Сандэнс кино фестивалінде өзі басты рөлде ойнаған «Айшолпаның өмірі» фильмінің тұсаукесеріне қатысады.

Бұған байланысты, Моңғолия Парламентінің мүшесі, Улаанбаатар қаласындағы Баян-Өлгий аймағының жерлестер алқасының төрағасы Бәкей Ағыпарұлы Н.Айшолпанды қабылдап, ұлттық салт дәстүрімізді дәріптеп, дүниежүзіне таныту ісіне қосып жатқан үлесін бағалап, ақ жол тіледі.

Еске салсақ, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан Ogilvy Entertainment студиясы «Айшолпаның өмірі» атты фильм жасауға осыдан екі жыл бұрын кіріскен болатын.

Жанерке Ташкенқызы



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 1
Ш.М 
/ 2016-01-15 23:37:31 /
Жақсы жаңалық екен!! Бірақ Айшолпанның өмірбаяны туралы толығырақ ақпарат берсеңіздер! Себебі ол қалай рөлге таңдалғаныны білгім келеді.