Хайролда Қабанұлы: Мұратбек бала кезінен әнге әуес болды

2015 Жыл 12 айдың 21 күні

KAZNEWS -  «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы Мұратбектің әкесі Хайролда Қабанұлымен болған қысқаша сұхбаттын назарларыңызға ұсынамыз.

 

Өз отбасыңызды оқырман қауымға қысқаша таныстырып өтсеңіз?

Хайролда Қабанұлы: Өзім Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы Баяннуур сұмынында туып өстім. Сонда білім алдым. Армия қатарында болдым. 1992 жылы атамекен Қазақстанға қоныс аудардық. Ол кезде Мұратбек 2 жаста болатын. Қазақстанға көшіп келіп, Ақмола облысына қоныстандық.

Мұратбек осында оқып тәрбиеленіп шықты. Орта мектепті бітіріп,  Астана қаласының Музыка  коллежін бітірді. Қазір Қазақ Ұлттық өнер университетінде 3-курс студенті.

Зайыбым Мафиза аймақтық жалпы білім беретін 1 –ші аға мектебінде математика пәнінің ұстаздық еткен. Өзім Ауылшаруашылық басқармасында қызметте болдым. Қазір мамандығымды алмастырып, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Химия, биология факултетін бітірдім. Анасы екеуіміз де Астана маңындағы Қоянды елді мекеніндегі 20 –шы мектепте мұғалім болып істейміз. Анасы математикадан, мен биология пәнінен сабақ беремін.

 

Қазақстанға қоныс аударғандарыңызға 23 жыл болыпты. Елге деген сезімдеріңіз қалай?

Хайролда Қабанұлы: Елге келгенімізге, міне 23 жыл болды. Балалар осында ер жетті. Қазақ елінің азаматтары болып, әр түрлі сайыстарға қатысып, ел қатарлы жүріп жатырмыз. Біздің ендігі тілегіміз еліміз аман болсын!Туған жеріміз Моңғолиядағы туысқандарға, жерлестерге денсаулық амандық тілейміз. Туған жерімізді ұмытпаймыз. Біздің жүрегімізде – ол. Сонда ата бабамыздың сүйегі жатыр. Сондықтан Баян-Өлгий, Моңғолия жері бізге ыстық. Әрқашан сағынып жүреміз.

 

Сіздердің отбасыларыңызда өнерлі адамдар бар ма? Мұратбек өнерге қалай келді?

Хайролда Қабанұлы: Мұратбектің өнерлі болып шығуы, біріншіден, тегінен деп ойлаймын. Біздің ата бабаларымызда күйшілер, аздап ән айтатын адамдар болған. Моңғолияда Қытайбай деген арғы атамыз күйші болған. Әкеміз Қабан деген кісі үлкен сахналарға шықпаса да әнді керемет айтатын. Мұратбектің анасы да өнерге жақын адам. Аудандық сахналарда өнер көрсетіп жүрді.

Мұратбек 2 сыныптан бастап әнге құмар болды. Өнерге тәрбиледік. Сондықтан бұл бала осындай нәтижеге жетті жеп ойлаймын.

Әңгімелескен, Журналист Сәбет Насырұлы

Сурет: Назигүль Некежанның FB парақшасынан алынды.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 3
bayannuur 
/ 2015-12-30 15:25:08 /
Keremet oner
Ermek 
/ 2015-12-23 09:53:36 /
Kutti bolsi, Mongolia kazakhtarin bir kuantip saldin bauirim.
bayan ulgei 
/ 2015-12-22 11:38:08 /
mihti bala eken onerin usten bolsin