Өлгий қаласында алғаш рет Fashion шоу ұйымдастырылды

2015 Жыл 12 айдың 08 күні

2015 ж. 5 желтоқсанда Өлгий қаласында «Хайрын хурим» салонының дизайнері М.Жанерке сән шоу ұйымдастырды. Аталған шоу туралы дизайнердің өзінен алған қысқаша сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

 

-Қашаннан бері киім тігу өнеріне құштар болдыңыз?

Мен кішкетайымнан сурет салуға әуес болдым. 5-6 жасымнан бастап қуыршақтарыма әр-түрлі киімдер жасадым. Әкем маған үнемі әсем де әдемі жылқы жануарларының суреттерін салып беретін еді, мен қазір де оларды ұнатамын. Сол кезден бастап дизайнер болуды армандадым, одан басқа мамандықтарды мүлдем ойлап та көрген емеспін.

-Жоғары оқу орынын қайдан бітірдіңіз?

Улаанбаатар қаласындағы Сити институтын дизайнер, суретші маманы бойынша 2013 жылы бітірдім.

 

-Баян-Өлгий аймағында өз қол-өнерлеріңіздің сән шоуын ұйымдастырдыңыз. Бұл сіздің алғашқы сән көрсету шоуыңыз ба?

Иә, жуықта Өлгий қаласында өзімнің алғашқы сән үлгімді көрсеттім. Бұл Өлгий қаласында өткен алғашқы сән шоуы.

 

-Бұрындары қандай бір сән шоуларына қатысып көрдіңіз бе?

Дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын көктемгі «Гоёл» сән шоуына қатарынан 3 жыл қазақ ұлттық киім үлгілерімен қатыстым. Менің қазақ ұлттық киім үлгілерім моңғол сахнасына шыққан алғашқы үлгілер болды.

 

 

-Осы реткі көрмеде қандай стилді көрсетпек болдыңыз? Көбінде қандай киімдер тігесіз?

Бұл жолы мен қыз-келіншектерге арналған жаңа заманға сай әрі күнделікті киюге қолайлы киімдер әзірледім. Негізі әр түрлі үлгідегі киімдер жасаймын. Бірақ көбінде өзімнің туған жерімнің адамдары түсінетін, қарапайым әрі жаңа заманғы киім үлгілерін жасауды ұнатамын. Ең басты мақсатым Моңғолияға қазақ ұлттық киімдерін, әсіресе қазақ оюу-өрнектерін паш етіп, таныту. 

-Өлгийліктер үшін бұл бір жаңа көрініс болғаны сөзсіз. Көрермендер қалай, қандай көңілмен қабылдады?

Әрине бұл аймағымыздағы алғашқы сән шоуы. Көрермендер де ыстық ықыласпен қабылдады. Өзімнің тұңғыш сән үлгім болғандықтан кедергілер мен кемшіліктер де болды. Бірақ болашақта да жақсы сән шоуларын ұйымдастырып, аймағымыздың сән үлгісі саласының дамуына өз үлесімді қосуға ат салысамын деген ойдамын.

Әзірлеген, Б.Нұрбота



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 20
dddd 
/ 2016-09-22 19:47:55 /
ddd
aika 
/ 2015-12-10 23:57:40 /
Bul jerde shamadan tis ashik eshtene korip turgam joh. Janerke designer ashik koilek jasadi eken dp Ulgeimizdin barlik hz kelinshekteri ashilip ketpeid goi alatyny alad almaytini almaid. Mumkin tapsiris bergen hzdardin ozderinin talabi solai shgar.
aybek 
/ 2015-12-09 14:42:49 /
BAREKELDI BIRAK ULTTIK SANA TALIM TARBIYEMIZGE SAI JAKSI DUNIELER SHIGA BERSIN DEIK..ISKE SAET!
guest 
/ 2015-12-09 13:57:11 /
Тамаша! Амжилт!
Kazakh 
/ 2015-12-09 13:12:58 /
karindaska sattilik birak budan artyk ashyk shayk kyim ulgisin shygarsanyz shet elge ne ub kalasinda gana jarnamala dep kenes berer edim. Olgiidin arulari ashyk kyinip jurgen ogash. ashyk kyingen adamga karau koz zinasi boladi sondiktan sogan sebepker bolmaniz dep akilimdi aytain. renjip koniline almassin!
Bauka 
/ 2015-12-09 11:40:37 /
Bilimbek en aldimen kisik murnindi tuzep alshi bireudin oiunda nen bar
BAUKA 
/ 2015-12-09 11:40:01 /
duris jaksi eken
Зочин 
/ 2015-12-09 11:38:54 /
юу өмсөж сүүчихсэн юм. тэр палаж дүфли этр бол үнэн гутамшигтай
saule 
/ 2015-12-09 10:34:04 /
Durus.bizdin olgiide durus kiim jondei alatin kisi tappai hinalushi edik.alla isindi satti ashih boldirsin.
Mr. 
/ 2015-12-09 10:27:01 /
Ote jaksi bolipti designdarin. Kazagimizdin ultik onerin tek gana Mangolyaga emes baska elderge de tanit. Ulken elderde bolatin design basekelerine hatis. amjilt!!!!
Elik 
/ 2015-12-09 10:24:07 /
Болып жатыр. Қазақты тағы бір сырымен танытып жүрген қарындасымызға рахмет. Қазақ фейшн саласынан тыс қалмауы керек.
aim 
/ 2015-12-09 09:47:01 /
Unernz ustem bolsn amjilt
Bilimbyek 
/ 2015-12-09 02:45:45 /
men bilimbek.turkiya memleketinde dizayner mamandigi boynsha okidim.fotoda en birinshi turgan kimnen baskasinda dizaynerlik eshtene jok.kozdi auirtadi.oyudardi oilamai koia bergen
1994😊 
/ 2015-12-09 02:19:51 /
Hashan korsen bzdn hazah jured kore almauwilih tanitp.ne hazah isteuge bolmaid dgen haida bar eken.zamanga sai narse baari bolad.bul jerde jazah oiuimen istelgen koilekter bari ademii.aiteu bzdn br ustanimimz bar.hazah uitpeid buitpeid dgen.Hai mongol ozderin jamandagnin kordnder.hai Europa bolmaid dgenin kordnder.duraaraa baih yostoi.chaddag yumnd heleh ug alga.teneg yum chig olon yum yrihaa bol ta nar.
guest 
/ 2015-12-09 01:30:44 /
Barin tindirip salip, endi osu kalip edi...
eska 
/ 2015-12-08 21:22:17 /
Мундаг бна таньд ажилийн өндөр амжилт хүсье ешөө том амжилтанд хүрээд дэлхийд казак үндэстэнийг өв соёлоор таниулах хэрэгтэй tek alga allah jar bolsyun
eska 
/ 2015-12-08 21:22:17 /
Мундаг бна таньд ажилийн өндөр амжилт хүсье ешөө том амжилтанд хүрээд дэлхийд казак үндэстэнийг өв соёлоор таниулах хэрэгтэй tek alga allah jar bolsyun
Kairan Kazagim 
/ 2015-12-08 21:07:06 /
Karin kazakhtin kyzdary Europa, Americanin koz aldamshy nasrsesine auestenip....Kazak azdy!
Mahsat 
/ 2015-12-08 20:49:06 /
Zaman azdi. Ulgeymde sol azgan zamannin isimen ketip baradi!. Ahiretimizdi umitip dvnie tirshiligin halagan hairan elim. Ar narsenin hikmetin bilmei adasbandar, Shindiginda Jan tinishtigi bul dvniede emes Jannatta.
Akmaral 
/ 2015-12-08 20:20:20 /
keremet koi! Endi, sizdi byik byik belesterden koremiz dep senemin! Sattilik tileimiz!