«КӨШІ-ҚОН ЗАҢЫ» ТҮЗЕЛДІ. КӨШІҢДІ ТҮЗЕ, ЕСІЛ ЕЛ!

2015 Жыл 12 айдың 07 күні

Abai.kz - Көптен күткен «Көші-қон» заңы қабылданды. Алыстағы ағайын мен ел ішін сүйіндіретін ақжолтай хабарды халықшыл азаматтар бір-біріне хабарлап, кешелі бері мәре-сәре. Заң туралы ресми ақпарат көзі былай дейді:

«Мемлекет басшысы Н. Назарбаев кеше (24.11.2015) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Аталған заң жобасы елімізге жоғары білікті шетелдік мамандар тарту үшін қолайлы жағдай қалыптастыру бағытында президенттік бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға, сондай-ақ халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы саласындағы саясатты одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Сондай-ақ, заңда шетелде тұратын қандастарымызды атамекенге қоныстандырудың және оларды әлеуметтік қамсыздандырудың жаңа мүмкіндіктері қарастырылған. Заң күшіне енген соң, сырттан көшіп келген ағайындардың ел азаматтығын алу мерзімі қысқарып, тағы бірқатар жеңілдіктер ұсынылмақ».

Қабылданған заңда этникалық қазақтарға азаматтық беру, тұрақты тіркеуге тұру, сырттағы ағайындарды туыстық жолмен шақыртып алу, әлеуметтік жеңілдіктерді пайдалану сияқты баптар бар.

Сонымен, «көші-қон заң» қабылданды, бұрынғысынан ілгерлеп, көп түзелген сияқты. Енді сен де көшіңді түзе, есіл ел. Құйылсын көшің!

Заң жобасының толық мәтіні жарияланады.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 1
om 
/ 2015-12-23 22:49:07 /
keteik