Цахиагийн Элбэгдорж Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті

2015 Жыл 06 айдың 04 күні

KAZNEWS - Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорж Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті. - деп хабарлайды Kaznews AA тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасап.

 

Әңгіме барысында саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.

 

Екі ел президенттері Моңғолия мен Қазақстанның көптеген халықаралық мәселелер жөніндегі ұстанымының ортақтығын және көпжақты ұйымдар мен форумдар аясындағы ықпалдастық деңгейінің жоғарылығын атап өтті.

 

Тараптар көпғасырлық достық пен мәдени ортақтыққа негізделген моңғол-қазақ қарым-қатынастары алдағы уақытта да Моңғолия мен Қазақстан халықтарының игілігі үшін қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

 

Телефон арқылы сөйлесуге Моңғолия жағы бастамашылық етті.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0