Атақты компаниялардың атауы не білдіреді

2015 Жыл 06 айдың 02 күні

Қазір бұрын-соңды естімеген азық-түлік, құрылыс материалдары, тұрмыстық бұйымдар, жиһаздар мен көліктер, тағы басқа заттар көбейіп кетті және олардың өз атаулары бар. Міне, сол қажеттілікті өтеушілердің барлығының арғы жағында өндіруші серіктестіктер мен компаниялар тұр. Олардың біразының аты сіздің құлағыңызға сіңісті, тіпті, жүрек қалауына айналғандары да жеткілікті. Алайда өзіңіз тауарын таңдап алған компания атауының неге байланысты қойылғанын немесе нені білдіретіндігін білесіз бе? Ендеше, бүгінгі әңгіме сол туралы болмақ.


Adobe - компания негізін қалаған Джон Ворнок тұрған үйдің жанынан ағып өтетін Adobe Creek өзенінің атауы.

Adidas - компанияның негізін қалаушылардың бірі Ади Даслердің құрметіне қойылған.

Apache - әуелде компания бағдарламаларды патчпен қамтама­сыз еткен. Осыдан келіп A PAtCH шыққан, кейін Apache деп өзгеріске ұшыраған.

Apple - компанияның негізін қалаушы Стив Джобс үш ай бойы жаңа бизнесіне ат ойлап, басы қат­қан соң, өзінің серіктестеріне «Кешкі беске дейін жақсы ат ұсына алмасаңдар, мен компания­ны Apple деп атаймын» деген талап қояды. Ақыры осыған тоқ­тайды. Apples Macintosh - АҚШ-тағы бағалы алманың түрі.

Casio - компания негізін қала­ған Касио Тадаоның құрметіне қойылған.

Cisco - San Francisco-ның қысқартылған атауы.

Canon - будданың қайырым­дылық құдайы Kwanon-ның құрметіне аталған. Діни ұйымдар­дың наразылығына тап болмас үшін Canon болып өзгертілген.

Compaq - интеграцияланған кішкентай деталь.

Corel - компанияның негізін қалаушы Майкл Коуплендтің құрметіне қойылған. COwpland REsearch Laboratory (Коуплендтің зерттеу лабораториясы) деп оқы­ла­ды.

Daewoo - компания басшысы Ким By Чонг қойған ат «Үлкен ғаламшар» дегенді білдіреді.

Fuji - Жапониядағы ең биік тау Фудзидің құрметіне қойыл­ған.

Google -Googol 1-ден кейін жүз нөлі бар санды білдіретін Googol сөзінен шыққан. «Google» деп компанияның негізін қалау­шы­лар алғашқы инвестордан алған чекте жазылған. Олар ком­панияны Googol атауды ұйғар­ған.

Hitachi - жапонша «таңсәрі» деген сөз.

Hotmail - негізін қалаушы Джек Смитке электронды поштаға әлемнің кез келген жерінен web арқылы кіру туралы идея келеді. Ол жаңа қызмет түріне «mail» сөзімен бітетін барлық атауларды қарастыра келіп, hotmail деген сөз­ге тоқтайды. Өйткені онда HTML -дың әріптері бар еді (веб-парақ­ша­лардың орналасу тілі).

Hyundai - кәріс тілінде «осы сәт» деген сөз.

HP (Hewlett-Packard) - негізін қалаған Билл Хьюлетт пен Дэйв Паккард жерге тиын тастап, кім­нің есімі бірінші аталатындығын жасырады. Әрине, Биллдің айы оңынан туады.

Honda - негізін қалаушы Soichiro Honda-ның есімі.

Honeywell - негізін қалаушы Mark Honeywell-дің есімі.

IBM - International Business Machines.

Intel - Боб Нойс пен Гордон Мур компанияны «Moore Noyce» деп атағысы келеді. Алайда осын­дай атпен отельдердің көптігінен одан бас тартады. Сондықтан қысқаша INTegrated Electronics атауына тоқтайды.

Kawasaki - компания негізін қалаушы Shozo Kawasaki.

Kodak - «К» - компания негі­зін қалаушы Джордж Истменнің ең сүйікті қаріпі. Ол К әрпінен басталып, осы әріппен аяқталатын тамаша сөз табуды ойластырады. Әрі барлық әліппеде «К» бірдей жазылады. Ақыры таңдау Кодак сөзіне түседі. Фотокамера да түсіру кезінде осындай дыбыс шығаратын көрінеді.

Konica - бастапқыда Konishiroku Kogaku деп танылған.

Nikon - Nippon kogaku, «жапон оптикасы» дегенді білдіреді.

Nissan - мағынасы «жапон индустриясы».

Nokia - әу баста ағаш өңдеу зауыты болып ашылған Nokia қаласының атауы.

Nabisco - әуелде «The NAtional BISCuit COmpany», 1971 жылдан Nabisco деп өзгертілді.

Nintendo - жапонның үш иероглифінің қосындысы «Nin-ten-do», аудармасы «көк аспан ауыр жұмыстың зейнетін береді».

Novell - осы атауды компания құрылтайшыларының бірі Джордж Канованың әйелі таңдаған. Ол «Novell» французша «жаңа» дегенді білдіреді.

Siemens - 1847 жылы Вернер фон Сименс негізін қалаған ком­па­ния.

Subaru - шоқжұлдыздың атауы, ол компания логотипінде бейнеленген.

SUN - университетте бірге оқыған төрт дос негізін қалаған, қысқартылған Stanford University Network сөзі.

Toyota - компания негізін қалаған Sakichi Toyoda-ның аты. Кейінірек құлаққа жағымды Toyota атауына ауыстырған. Жапонша бұл сөз 8 әріптен тұрады, Жапония­да қасиетті сан.

Toshiba - халықтық тұтыну тұрмыстық және электроаппара­туралар шығаратын Tokyo Denki (Tokyo Electric Co) және Shibaura Seisaku-sho (Shibaura Engineering Works) электр компаниясының қосылуынан шыққан атау.

Xerox - гректің Хег сөзінен шыққан «Құрғақ» деген мағынаны білдіреді. 1940 жылдардың аяғында дымқыл көшірме қолданылған. Өнертапқыш Честор Карлсон технологияда құрғақ ұнтақ пай­даланылатындықтан, компанияны «құрғақ» деп атауды ұнатыпты.

Suzuki - компания негізін қа­лаған Miehio Suzuki-дің аты-жөні.

Sony -латынша «Sonus» - дыбыс дегенді және «sonny» жергілікті ауызекі тілде «жас қыз» дегенді де білдіреді екен.

LG - кореялық екі бренд - Lucky және Goldstar-дың бастапқы әріптері.

Lotus - компания негізін қа­лаушы Митч Капор меди­тациямен айналысқандықтан, осы атауды қалаған.

Microsoft - Microsoft - MICROcomputer SOFTware. Әуелде Micro-Soft деп жазылған. Кейін сызықшаны алып тастаған.

Motorola - негізін қалаушы Поль Гэлвин атауды компаниясы машиналарға арналған радио жасап тұрғанда ойлап тапқан. Сол кезде көптеген аудио-компонент­тер «ola» сөзіне аяқталатын.

Mozilla Foundation - Netscape Navigator браузерінің қабыл­дағышы. Netscape-нің негізін қалаушы Марк Адерсен браузерді Mosaic-ті ауыстыру үшін жасаған. Компанияның ішінде оны Mozilla деп атаған.

Mitsubishi - компанияның негізін қалаушы Ятаро Ивасаки 1870 жылы ойлап тапқан. Жапон­ша «Үш жақұт» деген сөз. Ол ком­панияның логотипінде көрініс тапқан.

Samsung - корей тілінен ау­дар­ғанда «үш жұлдыз» деген мағына береді.

Sanyo - қытайша «үш мұхит»

Yahoo - бұл сөзді «Гулливердің саяхаты» кітабында Джонатан Свифт ойлап тапты (тікбақай, кі­сікиік адам). «Yahoo!»-ның негізін қалаған Джери Янг пен Дэвид Фило «yahoo» санағандықтан осы сөзді таңдапты. Қазір бұл Yet Another Hierarchical Officious Oracle деп оқылады.

Philips - компания негізін қа­лаушы Фридрих Филипстің фа­милиясымен аталады. Ол баласы екеуі 1891 жылы Эйндховенде лампочка шығарумен айналыс­қан



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0