Улаанбаатарда жастар «Мен сені сүйемін» деп аталатын фильм түсірді

2015 Жыл 05 айдың 18 күні

KAZNEWS - Тимур Санатұлының туындысы "Мен сені сүйемін" деп аталады.

Фильмнің тұсау кесері ертең яғни мамырдың 19 күні 17:30 да Медициналық университетінің өнер залында өтеді. Тимур Санатұлының мамандығы актер. Бұл оның алғашқы туындысы болып отыр.

 

Қазіргі заман жастарының достық қарым-қатынас, сүйіспеншілік, ғашықтық сезімі туралы баяндалады. Жастар мәселесі оны көптен мазалап жүрген болатын. Ақыры сәтін салып, оның ойлары  фильм түрінде дүниеге келді.

 

Фильмде басты рөлдерді жас актерлер Жандаулет Көпжасарұлы мен Жұпар Муратбекқызы ойнайды. Олардың сомауындағы бейне қазіргі замандағы жастардың шынайы бет пердесін алға тартып, жеткізеді.

 

Айта кету керек фильм режиссердің өз қаражатына  түсіріліпті. Фильм 1 сағат 15 минутқа жалғасады.


 

Туындысы халықтан оң баға алып жатса жас режиссер болашақта басқа да тақырыптарда кино жасамақ.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0