Улаанхус сұмынына жедел іздестіру тобын жіберетін болды

2015 Жыл 05 айдың 07 күні

KAZNEWS - Баян-Өлгий аймағының Улаанхус сұмыны 2-ші бақ өлкесінен 50-ге тарта тұяқ жылқы сәуірдің 30-ы күні шекара маңы, яғни Сарыбұлақтың Шұңқырқора деген жерінен жоғалған.

2-ші бақ аумағы Ресей шекарасына өте жақын орналасқандықтан жоғалған жылқылар шекара асып кеткені белгілі болып отыр.

Баян-Өлгий аймағының әкімі және құқыққорғау ұйымдарынан Ресейдің Алтай Республикасының Қосағаш аудандық ресми органдарына жоғалған жылқыларды іздестіру туралы өтініш қойылған болатын.

Бүгін бұл мәселеге қолдау көрсету үшін МҰҚ мүшесі, Мемлекеттік құрылымдары жөніндегі тұрақты комитетінің төрағасы Бәкей Ағыпарұлы Моңғолия Заң министірі Д.Дорлигжав пен Шекара қорғау қызметінің бастығы, бригада генералы Ш.Лхачинжавтарты қабылдап, жоғалған жылқыларды жедел түрде іздестіру іс шарасын қолға алуды тапсырды.

Шекара қорғау қызметінің бастығы,  бригада генералы Ш.Лхачинжав Баян-Өлгий аймағының Улаанхус сұмынына жедел іздестіру тобын жіберетін болды. - деп хабарлайды МҰҚ мүшесінің баспасөз өкілі.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0