Ақби әндері атты ән сайысың бас жүлдегері 1,000,000 төгрөгпен марапатталады

2018 Жыл 11 айдың 23 күні

2019 жылы Сақсай сұмын орнауының 60 жылдық мерей тойына орай Сақсай сұмының Мәдниет орталығына Монголия мәдениетінің озат қызметкері, әнші, күйші сазгер Ақби Момбай ұлының есімі берілуіне байланысты Сақсай сұмының алғашқы композиторы М.Ақбидің төл шығармашылық әндерінен «Ақби әндері» атты ән сайысы 2019 жылы қаңтардың 04 күні 14 сағатта жүріліп өтеді.

«Ақби әндері» ән сайысының жүлде қоры: Бас жүлде 1,000,000 төгрөг (бір миллион) 1- орын 500,000 төг. 2- орын 300,000 төг. 3-орын 200,000 төг. Және әрбір қатысушыға ынталандыру, қаржылай сый тағайындалады.

Ән сайысы жайлы Сақсай сұмын азаматтары, әкім С.Қонаевқа (99428575), Баян- Өлгийдің басқа өңіріндегі азаматтар Жанарбек Ақбидің телефонына (99419147) хабарласу арқылы толық мағлұмат ала алады.

Ұйымдастырушылары: Сақсай сұмын 60 жылдық мерейтой комиссиясы, Сақсай сұмын әкімі С.Қонаев, Құрылтай төрағасы С.Қуаныш, Сақсай сұмын М.Ақби атындағы Мәдниет орталығы



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 1
Қонақ 
/ 2018-11-24 00:46:07 /
Бұл әншілердің беделін көтеретін керемет жарыс болғай тур екен. Бізде еш қашан әншілердің жұлдесі 1 саяға болған емес керемет. Ұыймдастырушыларға іске сәтілік!