Қазақстан Моңғолияға гуманитарлық көмек ретінде 500 мың АҚШ долларын бөлді

2018 Жыл 10 айдың 10 күні

Қазақстан Республикасы Моңғолияға гуманитарлық көмек ретінде 500 мың АҚШ долларын бөлді, деп хабарлайды  Kaznews.mn ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

ҚР Үкіметінің қаулысы Электронды үкімет порталында жарияланған. 

«ҚР Қаржы министрлігі ҚР Сыртқы істер министрлігіне ҚР Үкіметінің төтенше резервінен бюджетте 2018 жылға қарастырылған (Қазақстан және өзге де мемлекеттердің территориясындағы техногенді және табиғи апаттардың салдарын жоюға қойылған) сомадан 500 000 АҚШ долларын Моңғолияға гуманитарлық көмек ретінде бөлу тапсырылады», - делінген ҚР Үкіметінің қаулысында. Айта кету керек, екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдан бері дамып келеді.

Естеріңізге салсақ, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында 2018 жылы шілденің 14-17 аралығында табиғи апат болып, мыңдаған адам зардап шеккен болатын.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0