Бизнес-форум 2018

2018 Жыл 09 айдың 19 күні

2018 ж. 4-5 қазанда Ұлан-Батыр қаласында қазақ-моңғол іскер топ өкілдерінің қатысуымен сауда-экономикалық миссиясы (Бизнес-форум) өтеді.

Соңғы жылдары Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-экономикалық бағыттағы ынтымақтастық қарқынды дамуда. Екі елдің кәсіпкерлік қауымдастығы жаңа бағыттар мен салалардағы байланыстарын кеңейтуде. Моңғолия инфрақұрылым, ауылшаруашылық, энергетика және фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда әлеуеті зор болып саналуда.
Осыған байланысты Елшілік ү.ж. 4-5 қазанда Ұлан-Батырда («Corporate hotel and Convention Centre» қонақүйлері) қазақ-моңғол іскер топ өкілдерінің қатысуымен сауда-экономикалық миссиясы (Бизнес-форум) өтетінін хабарлайды.
Аталған шараның ұйымдастырушылары - ҚР Сыртқы сауда палатасы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Инвестиция және даму министрлігі, ҚР Моңғолиядағы Елшілігі және Моңғолияның Ұлттық Сауда-өнеркәсіп палатасы.
Қазақстандық тараптан өңделген өнімдер шығарушы ірі кәсіпорындар өкілдері қатысатын болады. Бұл Қазақстан және Моңғолия кәсіпкерлері үшін іскерлік қарым-қатынастар орнатуда және достас мемлекеттердің бір-бірінің нарығына кіруінде үлкен мүмкіндік болып табылмақ.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0