Ет экспортын арттырған Моңғолияда мұсылман қасапшы тапшы

2018 Жыл 08 айдың 28 күні

AZATTYQ- Экономикасын әртараптандыруға тырысқан Моңғолия ет саудасын мол табыс әкелетін салаға айналдыруға күш салып жатыр. Табысқа кенелуге ұмтылған моңғолиялықтар мал етін экспорттауды жиілеткен.

Моңғолияда қасапханада жұмыс істейтін мұсылман қазақ Күнтуған Әжібай демін ішіне тартып, қайралған өткір пышағымен еті халал болуы үшін қойды қинамай бауыздауға тырысады.

Резеңке етік киіп, қан шашыраған алжапқыш таққан 27 жастағы Күнтуған "малды союды Алланың атымен бастаймыз. Бұл – бауыздамай тұрып істейтін жоралғымыз" дейді.

Күнтуған істейтін қасапхана Моңғолия астанасы Улан-Батордан 160 шақырым жердегі Дархан қаласында орналасқан. Табысқа кенелуге тырысқан моңғолиялықтар жазықта жайылып жүрген отар-отар қойын сойып, экспортқа жіберуді жиілеткен. Олар Иран секілді соңғы кездері халал етке сұранысы артқан елдердің талаптарын қанағаттандырамыз деп үміттенеді.

ЕТ ЭКСПОРТЫ

Шамамен 30 миллион қойы бар Моңғолия мал саны жағынан Жаңа Зеландиядан алда тұрса да, жақында ғана ет экспортын арттыруға мүмкіндік алды.

Елде ет экспортының көлемі жыл сайын артып келеді: 2017 жылы шетелге 2,6 тоннадан асатын қой мен ешкі еті тасымалданған. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 11 есе көп.

Экспортталған өнім құны бар болғаны 8 миллион доллар деп бағаланғанымен осы салаға жауапты билік өкілдері бұл "тек басы ғана" екенін айтады. Олардың айтуынша, биыл жарты жылдың ішінде 775,6 тонна ет экспортталып, өткен жылмен салыстырғанда төрт есе өскен".

- Әлемде халал етке сұраныс артып келеді. Моңғолияның бұдан үміті зор, - дейді ет қауымдастығы директорының орынбасары Б.Очирбат.

Жалғасын оқу...



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0