ҚХР-ның Үкіметі Баян-Өлгий аймағына 1 миллион юань бөлетін болды

2018 Жыл 08 айдың 28 күні

KAZNEWS - ҚХР-ның Үкіметі Моңғолияның Баян-Өлгий аймағына 1 миллион юань бөлетін болды. Бұл туралы аймақ әкімі Ғылымхан Әйіпұлы хабарлады.

ҚХР-ның Сыртқы істер министрі Ван И Моңғолиядағы іс-сапары аясында елдің батыс зонасында орналасқан 5 аймақтың әкімдерімен кездесу өткізген. Кездесу барысында Ван И Баян-Өлгий аймағына 1 миллион юань-ның көмегін көрсететіні туралы мәлімдеген. Сонымен қатар, Увс, Ховд, Завхан, Говь-Алтай аймақтарына да 1 миллион юань беретінін айтқан.

Бұл қаржы аймақтың экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуге жұмсалмақ.

Кездесуге Моңғолия Сыртқы істер министрі Д.Цогтбаатар, Қаржы министрі Ч.Хүрэлбаатар қатысып, тараптар ет экспортын жандандыру, кедендік бекеттердің  өткізу мүмкіндігін арттыру, өңірлік әріптестікті жаңа сатыға көтеру туралы пікір алмасты.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0