Баян-Өлгий аймағының футболшылары қола жүлдені қанағат тұтты

2018 Жыл 08 айдың 06 күні

KAZNEWS - Баянхонгор аймағында футболдан жасөспірімдер арасында U16 ел біріншілігінің жартылай финалдық кездесуі аяқталды.

Жартылай финалда Баян-Өлгийлік футболшылар Сүхбаатар аймағын 4:1 есебімен тізе бүктіріп, футболдан жасөспірімдер арасындағы U16 ел біріншілігінің қола жүлдегері атанып отыр.

Сонымен қатар, "Ұлттық кубок" үздіктері анықталды. 

Үздік қақпашы - Т.Серлан /Баян-Өлгий/

Үздік қорғаушы - Н.Бямбадорж /Ховд/ 

Үздік жартылай қорғаушы - С.Цэрэндож /Дархан-Уул/

Үздік шабуылдаушы Е.Ерқанат /Баян-Өлгий/

Сонымен қатар, ширек финалда Увс аймағының құрама командасымен кездесіп, негізгі уақыт тең аяқталып, пеналтиде 3:2 есебімен келесі кезеңге жолдама алған болатын.

Төменгі видеодан аймағымыздың абыройын қорғаған аяқдопшыларымыздың Увс аймағымен өткізген кездесудегі жеңісті сәтін көре аласыздар.

 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 1
Zochin 
/ 2018-08-12 02:29:47 /
Jaraisindar jigitter