Баян-Өлгийге Үкіметтен көмек керуені келді

2018 Жыл 07 айдың 26 күні

KAZNEWS - Баян-Өлгий аймағында 14-18 шілдеде жауған нөсер жаңбырдың салдарынан зардап шеккен отбасының саны 929-ға жеткен. 300 ге жуық үй жарамсыз болып қалған.

19 шілдеде Елдің Премьер-министрі У.Хүрэлсүх сел апаты болған Баян-Өлгий аймағына Мемлекеттік қордан 80 киіз үй, ауыз және арам су тасымалдайтын және медициналық автокөліктер, бульдозер жіберетінін айтқан.

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша көмек керуені 25 шілдеде Өлгий қаласына келіп жетті.

Үкіметтен келген көмекті азаматтар мен құзырлы ұйымдарға Моңғолия Парламентінің депутаты, Құрылыс, қала құрылымдарының министрі Бәделхан Қабдісіләмұлы, аймақ әкімі Ғылымхан Әйіпұлы, Төтенше жағдайлар бас басқармасының Төтенше жағдайдан алдын алу департментінің басшысы, полковник Д.Батсайхан қатарлы лауазым иелері табыс етті.

Еске сала кетейік, бұған дейін біз Баян-Өлгий аймағында нөсер жаңбыр салдарынан зардап шеккен отбасының саны 530 ға жеткенін хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ, соңғы ресми мәліметтер бойынша табиғи апаттан келген шығын көлемі 20 миллиард төгрөгке жеткен.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0