Франция Әлем чемпионатындағы жеңісі үшін 38 миллион доллар сыйақы алады

2018 Жыл 07 айдың 19 күні

ФИФА жеңімпаз команда атанған Францияға жалпы 38 миллион доллар береді. Екінші орынды иеленген Хорватия - 28 миллион доллар, үшінші орын бұйырған Бельгия - 24 миллион доллар, мундаильды төртінші орында аяқтаған Англия 22 миллион доллар алады.

Сондай-ақ ширек финалға қатысып, жеңіліске ұшыраған Уругвай, Бразилия, Ресей, Швеция құрамаларының әрқайсысына 16 миллион доллардан беріледі. Жарыс жолын 1/8 финалдан кейін аяқтаған Колумбия, Испания, Швейцария, Жапония, Дания, Мексика, Португалия, Аргентина құрамалары жалпы 96 миллион долларды бөліседі (12 миллионнан).

Ал топтық кезеңде үш ойын өткізген Иран, Сауд Арабиясы, Перу, Нигерия, Сербия, Оңтүстік Корея, Тунис, Сенегал, Германия, Польша, Марокко, Австралия, Исландия, Коста-Рика, Мысыр, Панама құрама командалары 128 миллион долларды 8 миллионнан бөлісіп алады.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0