Баян-Өлгийде селден зардап шеккен отбасының саны 530-ға жетті

2018 Жыл 07 айдың 18 күні

Баян-Өлгий аймағында нөсер жаңбыр салдарынан су басқан үйдің саны 530-ға жетті.

Үйсіз қалған 2512 тұрғын аймақтағы балабақша мен мектептердің ғимараттарына орналастырылып жатыр. Арнайы комиссиясының қорытындысына сәйкес, көптеген отбасылардың үйлері тұруға жарамсыз болып қалған.

Апат салдарын жою жұмыстары жан-жақты жүргізіліп жатыр. Елдің төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті табиғат апаттан келген шығындарды есептеп, үйсіз қалғандарға көмектесуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін біз Баян-Өлгий аймағында нөсер жаңбыр салдарынан 170 үйді су алғаны туралы хабарлаған болатынбыз.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0