ТЖБ: Cу тасқынына қарсы 30 шақырымдық бөгет салынады

2018 Жыл 07 айдың 18 күні

KAZNEWS - Баян-Өлгий аймағының Өлгий қаласында су тасқынына қарсы 30 шақырымдық бөгет салынады. Бұл туралы Моңғолияның Төтенше жағдайлар бас басқармасының өкілдері мәлімдеді.

Баян-Өлгий аймағында 14-16 шілдеде жауған нөсер жаңбырдың салдарынан 530 үй 2500 ге жуық адам зардап шегіп, 1566 ге жуық адам қауіпсіз орындарға жеткізіліп отыр. Қазіргі жағдаймен 5 шақырымдық бөгет салынып, 300 метр арық тартылып отыр.

30 шақырымдық бөгет салуға үстіміздегі жылы 670 миллион төгрөг бюджетке отырған болса, келер жылы 5 миллиард төгрөг жұмсалмақ.

Естеріңізге салсақ, 2016 жылы Баян-Өлгийде сел болып, көптеген адам зардап шеккен болатын.

GoGo.mn



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0