Баян-Өлгийдегі су тасқынынан 170 отбасы зардап шекті

2018 Жыл 07 айдың 17 күні

Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында нөсер жаңбыр салдарынан 275 үй шаруашылығын су басып қалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Монцамэ агенттігіне сілтеме жасап.

Аймақтың арнайы комиссиясының қорытындысына сәйкес, көптеген отбасылардың үйлері зардап шеккен. Құтқару жұмыстарына жеті ұйымның 124 адамы мен 24 техникасы тартылған. Оллардың арасында полиция, 340 сарбаз және электр жүйесінің мамандары бар.

Олар апат болған жерде адамдарды іздеумен, ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда. Қазіргі уақытта 163 адам қауіпсіз орындарға жеткізілді. 95-і - аудан орталығы Өлгий қаласындағы алтыншы орта мектептің жатақханасына орналастырылды. Адам өлімі тіркелген жоқ. Эксперттердің айтуынша, материалдық шығын көбеюі мүмкін.

Төтенше жағдай жөніндегі комитет табиғи апаттан келген шығынды анықтап, үйсіз қалған жандарға көмектеседі. Сондай-ақ оларға азық-түлік жеткізуді ұйымдастырады.


Аймақтық Метерология және гидрология орталығының ақпараты бойынша, жаңбыр 21 шілдеге дейін жауады.

Еске сала кетсек, Баян-Өлгий - қазақтар ең көп шоғырланған аймақ.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0