Астана қаласы қазақтың жетістігі

2018 Жыл 07 айдың 17 күні

Астана қаласы қазақтың жүрегінде, тәуелсіздігінің тірегіне айналды. Дәлеті тасып, сәулеті асты. Әлем алпауттары санасып, қызыға қарады. Ал осыдан 20 жыл бұрын  Астана атауы картада да жоқ еді. Сонымен, тарих үшін қас-қағам сәт болып есептелетін аз ғана уақытта «қазақтар мұндай жетістікке қалай жетті», - деп Астанаға ат артып келетін әрбір шетелдіктің көкейіне келіп, көзінен оқылып тұратын сұрақ туындады.

Бас қаланы сайын Сарыарқа төсіне көшіру туралы шешімді президент Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл да тегеурінді ұсынысымен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кенесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылы 10 желтоқсанда жүзге асты.  Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы жарлығымен Ақмоланың атауы Астанаға өзгертіліп, халықаралық тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда өтті.  1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды.

2006 жылдан бастап Астана күні 10 маусымда емес, 6 шілдеде тойлана бастады. Өйткені елорданы ауыстыру туралы маңызды шешім дәл 6 шілде күні, осыдан тура 20 жыл бұрын қабылданған. Жоғарғы кеңестін жалпы отырысына қатысқан Нұрсұлтан Назарбаев депутаттарға қазақ елінің елордасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы идеясын ұсынды.

Астананы таңдау процесі 32 өлшем бойынша жүрізілді. Әлемеуеттік-экономикалық көресткіштер, климат, ландшафт, қоршаған орта. Бұл шешімде қауіпсіздік мәселесі де жоқ емес.  Тәуелсіз елдің астанасы елдің орталығында болуы тиіс.

Астананы өзгерту Қазақстан экономикасын сауықтыру үшін де қажет болды. Ал экономика шынымен аяққа тұрып қана қоймай, бүгінде қарқын қадамдармен нық басып кетті. Астананың елге тартылған инвестициялардың республикалық көлеміндегі үлесі 10 пайызға, ал республика экономикасында өңірлік жалпы өнімінің үлесі 10,2 пайызға тең.

Бүгінде Астана халықаралық деңгейдегі алуан түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де ірі іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің кіндігіне айналды. Қазақ даласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері және өзге де маңызды халықаралық оқиғалар дәстүрге айналды. VII Қысқы Азия ойындарының жалауы да желбіреді. Тарихта таңбаланып қалған айтулы оқиғалардың бірі реітнде былтыр ғана дүбірлетіп өткен «Астана ЭКСПО - 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін айтуға болады.

Астана тұрақытылық пен бейбітшіліктің нышаны ретінде де танылып отыр. Сирия бойынша бітімгерлік келіссөздердің алаңына қазақ астанасының таңдалуы осыған дәлел. Яғни қазақ президенті Сирия және жалпы Таяу Шығыста тыныштық орнату үшін өз алаңын ұсынып, Сирия билігі мен қарулы оппозициялық күштерін  бір үстел басына отырғызды.      

 

Хайрат Ахмет



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0