Астананың 20 жылдық мерейтойы Ұлан-Батырда аталып өтті

2018 Жыл 06 айдың 28 күні

KAZNEWS - 27 маусымда Ұлан-Батырда Қазақстан Елшілігі Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына орай ресми қабылдау өткізді.

Моңғолиялық тараптан құрметті қонақ ретінде Ұлан-Батыр қаласының мэрі С.Батболд Астананың қазіргі даму деңгейіне жоғары баға бере отырып, айтулы мерекеге орай Астана қаласының әкімі Ә.Исекешовке арналған құттықтауын қатысушылар алдында салтанатты түрде Қазақстан Елшісі Қ.Қобландинге табыс етті.

Сонымен қатар шараға Моңғолияның бірінші Президенті П.Очирбат, Парламент депутаттары Н.Оюндарь, Д.Мурат, Моңғолия Ғылым Академиясының Президенті Д.Рэгдэл, Моңғолияның қауіпсіздік кеңесі жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Б.Энхбайгал, Моңғолия СІМ департаменттерінің директорлары, дипломатиялық корпус пен Моңғолияның бұрынғы елшілері, белгілі қазақ қандастар және басқа да меморгандар мен ұйымдар өкілдері қатысты.

Шара барысында сөйлеген сөзінде Ұлан-Батыр қаласының мэрі С.Батболд Астана қаласының мерейтойлы мерекесімен құттықтай келе, моңғолиялық тарап екі елдің бас қалалары арасындағы байланыстарды дамытуға мүдделі екенін мәлім етті.
Қабылдау барысында келуші қонақтарға арналған дәстүрлі ұлттық тағамдардан тұратын қазақстандық бұрыш және «Астанаға 20 жыл» атты фотокөрме, сондай-ақ елорданың қазіргі келбетін бейнелейтін арнайы видеосюжет көрермендердің назарына ұсынылды.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0