3x3 баскетбол: Моңғолия Ресей құрамасынан басым түсті

2018 Жыл 06 айдың 11 күні

Филиппиннің Манила қаласында FIBA 3x3 форматындағы баскетболдан Әлем чемпионаты өтіп жатыр деп хабарлайды, KazNews.mn.

8-12  маусым аралығында өтетін аталмыш чемпионатқа әлемнің үздік 20 командасы қатысып жатыр. Моңғолия құрамасы “C” тобында Канада, Бразилия, Ресей және Филиппинмен күш сынасады.

Бүгін топтық үшінші ойында Моңғолия құрамасы Ресей құрамасымен кездесіп 21:18 есебімен жеңіске жетті.

“С” тобында Канада, Моңғолия командалары көш бастап тұрса, Филиппин мен Ресей бір-бір жеңілісімен өкшелеп келеді. Ал, Бразилия екі ойын өткізгенімен бір ретте жеңіс туын желбірете алған жоқ.

Бүгін Моңғолия құрамасы Бразилия командасымен кездетін болады. Бразилия құрамасын жеңсе плей-офф кезеңіне өтеді. Моңғолия алғашқы кездесуінде Канада құрамасынан 21:15 есебімен ұтылып қалған. Екінші ойында Филиппин құрамасын 21:17 есебімен ұтқан болса, бүгін Ресейліктердің бетін қайтарды.

Моңғолия құрамасында Д.Дэлгэрням, Э.Дөлгөөн, Э.Цэрэнбаатар, Г.Цэнгүүнбаяр қатарлы спортшылар ойын көрсетіп жүр.

Жарыстың өткізілу форматы:

Топтық кезең:

Командалардың ұлттық рейтингісіне сәйкес 4 топқа бөлінген, олар – A, B, C және D, әр топта 5 командадан. Командалар өз топтарының аясында өзара бір ойыннан 1 айналым ойнайды. Топтық кезеңнің нәтижелері бойынша командалар өз топтарында 1-ден 5-ке дейін орындарды бөледі.

Плей-офф:
Топтық кезеңнің нәтижелері бойынша, әр топтан екі үздік құрама ширек финалға шығады. Ширек финалдың жеңімпаздары жартылай финалдың жұптарын құрайды. Жартылай финалдың 1-ші жұбының жеңімпазы мен 2-ші жұбының жеңімпазы 1-ші орынды ойнатады. Жартылай финалда жеңілген командалар 3-ші орынды ойнатады. Жарыстың барлық кезеңдерінде командалар өз жұбында бір ойыннан ойнайды. 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0