ШЫҰ саммитінде қабылданған ҚҰЖАТТАР

2018 Жыл 06 айдың 11 күні

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары отырысының қорытындысы бойынша мынадай құжаттар қабылданды:

  1. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының Циндао декларациясы;
  2. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімге арналған тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартының ережелерін іске асыру жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекіту туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  3. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы тұру барысындағы ынтымақтастығының 2019-2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  4. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің 2018-2023 жылдарға арналған есірткіге қарсы стратегиясын және оны орындау жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  5. Есірткі құралдары мен психотропты заттарды теріс пайдаланудың алдын алу жөніндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының тұжырымдамасын бекіту туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  6. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ынтымақтастығы бағдарламасының жобасын әзірлеу туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  7. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастығы тұжырымдамасын бекіту туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  8. Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының жастарға арналған бірлескен үндеуінің ережелерін жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  9. Шанхай ынтымақтастық ұйымының өткен жылдағы қызметі жөніндегі ұйымның Бас хатшысының баяндамасын бекіту туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  10. Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік антитеррорлық құрылымының 2017 жылғы қызметі жөніндегі ШЫҰ Өңірлік антитеррорлық құрылым кеңесінің баяндамасын бекіту туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  11. Шанхай ынтымақтастық ұйымының хатшылығы мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ынтымақтастыққа қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға (2018-2022 жж.) қол қою туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  12. Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  13. Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік антитеррорлық құрылымы атқарушы комитетінің директоры туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  14. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының жастарға арналған бірлескен үндеуі;
  15. Шанхай ынтымақтастық ұйымы кеңістігінде эпидемия қауіп-қатеріне бірлесе қарсы тұру туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының мәлімдемесі;
  16. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының сауда рәсімдерін жеңілдету туралы бірлескен мәлімдемесі;
  17. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесі отырысының қорытындысы бойынша ақпараттық хабарлама.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында мемлекеттер басшылары алдында қол қойылған құжаттар:

  1. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне жауапты министрліктері арасындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында микро, шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы ынтымақтастықты ынталандыру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
  2. Озон қабатын бұзатын заттардың трансшекаралық қозғалысы жөніндегі ақпаратты бөлісу туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері арасындағы меморандум;
  3. «OCENcomm RILO-МӘСКЕУ» жедел платформасының каналдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын, тәулік бойы қызмет ететін байланыс орындарының ақпараттық іс-қимыл регламенті;
  4. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің туризм саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары;
  5. Шанхай ынтымақтастық ұйымының хатшылығы мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ынтымақтастыққа қатысты өзара түсіністік туралы меморандум (2018-2022 жж.).

Сілтеме



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0