Халтмаагийн Баттулга Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті

2018 Жыл 06 айдың 11 күні

KAZNEWS -Монғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті, деп хабарлайды Моңғолия Президентінің баспасөз қызметі.

Ең әуелі Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты алдағы келе жатқан туған күнімен құттықтады. 

Сонымен қатар, «Мен Сіздің жұмысыңызды мұқият бақылап отырамын және жаңа елорда - Астана қаласын салғаныңызды білемін. Мен Монғолияның құрылыс министрі болған кезде де Қазақстан тәжірибесін зерттегенмін. Бізде астанамыз Улаанбаатардың төңірегінде Майдар қаласын салу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз», - деді Монғолия Президенті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Халтмаагийн Баттулганы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап, Қазақстан тарапының барлық бағыт бойынша ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін айтты.

«Биыл Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы достық қарым-қатынастар және ынтымақтастық жөніндегі шартқа қол қойылғанына 25 жыл толады. Бұл құжат көп ғасырлық достық және тату көршілік дәстүрі бар елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты дәйекті дамыту жолында маңызды рөл атқарады», - деді Қазақстан Президенті.

Халтмаагийн Баттулга өзінің Монғолия Президенті болып сайлануымен құттықтағаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылық білдірді.

Тараптар, екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру қажеттігіне тоқталды. Қой етінің сұранысы көп мемлекеттерге ет экспорттау жөнінде бірлесіп жұмыстау мүмкіндігін қарастыратын болды.

Қазақстан Монғолияның Шанхай ынтымақтастық ұйымының жұмысына атсалысуға деген ұмтылысын қолдайтынын айтты. Және де ҚР-ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия Президенті Халтмаагтийн Баттулга-ны өз еліне мемлекеттік сапармен келуге шақырды.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0