Моңғолия ШЫҰ-дағы бақылаушы мәртебесін сақтап қала ма?

2018 Жыл 06 айдың 04 күні

KAZNEWS - ШЫҰ-на мүше мемлекеттер басшыларының кеңесінің келесі отырысы 9-10 маусымда ҚХР-ның Циндао қаласында өтуге жоспарланған.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы өзінің «Үлкен еуразиялық сегіздік» форматындағы бірінші саммитіне жан-жақты дайындық жүргізіп жатыр. Бұл туралы ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Айзада Субақожаева айтты. Бұл туралы Kaznews AA Қазақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазіргі уақытта Шанхай ынтымақтастық ұйымы өзінің «Үлкен еуразиялық сегіздік» форматындағы бірінші саммитіне жан-жақты дайындық жүргізіп жатыр. Өздеріңіз де білетіндей әрбір саммитте ұйымның даму тарихының жаңа тараулары жазылып, нақты шынайы уақытқа сай келетін жаңа міндеттер қойылады. Алдағы уақытта саммиттке ШЫҰ елдерінің көшбасшылары жаңа форматта ұйымды одан ары дамытудың бірінші кезекті міндеттерін, сонымен қатар өзекті халықаралық және өңірлік проблемаларды қарастырады деп күтілуде», - деді ол.

Айзада Субақожаеваның айтуынша, маусым айында Қытайдың Циндао қаласында өтетін саммит өңір мен әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау, сонымен бірге ұйым аясындағы көпбейінді өзара іс-қимылды тереңдетуге айрықша үлес қосатын болады.

Сонымен қатар, Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга саммитке қатысу үшін Циндаоға барады. ҚХР-ның төрағасы Си Цзиньпинмен және ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің басшыларымен кездесу өткізеді деп күтілуде.

Айта кетерлігі, еліміздегі саясаткерлердің ШЫҰ-на қосылу жөнінде көзқарастары екіге бөлініп отыр. Бір тобы ШЫҰ-на қосылуға қарсы емес болса, бірі бейтарап саясатты қалайды.

Жалпы, Моңғолияның ШЫҰ-на қосылуына толық мүмкіндігі бар. Алғаш рет 2005 жылы ұйымға бақылаушы мәртебесіне ие болған. ШЫҰ Улаанбаатар мен ынтымақтастықты кеңейтуді қалайды және Моңғолия ұсыныс білдірген жағдайда мүшелікке қабылдауға дайын екенін жеткізеді.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0