Президент ресми сапармен Қытайға барады

2018 Жыл 05 айдың 28 күні

KAZNEWS - Моңғолия Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммитіне қатысу үшін ҚХР-на ресми сапармен барады. Биылғы саммит маусымда ҚХР-ның Шаньдун провинциясының Циндао қаласында өтеді.

Онда экономикалық тақырыбынан лаңкестікпен күреске дейін көптеген мәселелер талқыланады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ҚХР-ның төрағасы Си Цзиньпинмен және ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің басшыларымен кездесу өткізеді деп күтілуде.

Естеріңізге салсақ, Моңғолия 2004 жылдан бері ШЫҰ-ына бақылаушы мемлекет статусын сақтап келеді.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0