Дональд Трамп пен Ким Чен Ын 12 маусымда кездесуі мүмкін

2018 Жыл 05 айдың 27 күні

ҚазАқпарат - АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынмен жоспарланған кездесудің 12 маусымда өтуі мүмкін екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Рёнхап. Трамп тараптардың Сингапурде болуы тиіс кездесу мәселесін әлі де талқылап жатқандығын айтты. «Әрі қарай не болатынын көреміз. Кездесу 12-сінде өтуі мүмкін. Диалог жалғасып жатыр. Олар (Солтүстік Корея) кездесу өткізуді қатты қалайды. Біз де соны қалаймыз. Бұдан не шығатынын көреміз», - деп атап өтті Трамп Ақ үйде журналистерге. Кейінірек Трамп Туиттерде қазіргі таңда Құрама Штаттар мен Солтүстік Корея арасында «нәтижелі келіссөздердің» жүріп жатқандығын жазды. Егер, бұл нәтиже берсе, келіссөздердің 12 маусымда Сингапурде өтетінін қоса айтты. «Біз Солтүстік Кореямен саммитті қалпына келтіру туралы жемісті келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Егер ол өтетін болса, 12 маусымда Сингапурде болуы мүмкін», - деді ол. Трамп Солтүстік Корея тарапынан «ашық жауласу» болып жатқандығын айтып, бір күн бұрынғы кездесуді болдырмаған еді. Ким Чен Ын екеуі Солтүстік Кореядағы ядролық бағдарламаны жою туралы сөйлесу үшін кездесуге уағдаласқан болатын. Бірақ, Пхеньян жақында АҚШ-ты біржақты ретпен елдің ядролық мүмкіндіктен бас тартуға мәжбүрлеп, саммитте қатыспайтынын айтып, қорқытты деп айыптады. Солтүстік Корея билігі сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде АҚШ-қа «ядролық» шақыру жасап, АҚШ вице-президенті Майк Пенсті «саяси қарақшы» деп атады. Алайда, Трамп бейсенбі күні саммитті болдырмағаннан кейін, Солтүстік Корея мұндай мәлімдемелерін азайтты. «Біз америкалық тарапқа кез келген уақытта мәселелерді шешу үшін үстелге отырып, келіссөздер жүргізуге ниетті екендігімізді түсіндіргіміз келеді», - деп мәлімдеді Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрлігі. Жұма күні Трамп Пхеньянның мәлімдемесін естіп, қуанғанын және мұның бейбітшілік пен тыныштық орнатуға әкелетініне сенім білдіретінін жеткізді. АҚШ сыртқы істер министрі Джеймс Мэттис саммиттің болатынына үміттенетінін айтты.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0