Эрдэнэс Таван толгой АҚ-ның 1072 акциясы еркін айналымға қашан шығады?

2018 Жыл 05 айдың 10 күні

KAZNEWS - ЭТТ компаниясының басқарма төрағасы У.Бямбасүрэн азаматтардың қолындағы компания акциясының болашағы туралы таныстырды.

Моңғолия Үкіметі Эрдэнэс Таван Толгой компаниясының акциясын 1072 данадан 2,5 миллион азаматқа үлестірген болатын. 2012 жылы мамырдың 30 күнгі Үкіметтің қаулысы бойынша "1072 акция бір миллион төгрөгке тең келеді және бір дана акцияның бағамын 933 төгрөг болады"- деп тоқтатқан.

Мұнда, ЭТТ компаниясының барлық акциясының 85 пайызын  Үкімет иемденіп отыр. 14,6 пайызы 2,5 млн азаматтың қолында. Қалған 0,06 пайызын өзге компаниялар еншісінде.

Сонымен қатар, 2018 жылы сәуір айының 27 күні өткізілген ЭТТ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының ұйғаруымен, 2017 жылдың қорытындысы бойынша, компанияның акционерлеріне таза кірістен дивиденттер төленбейтін туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Әлеуметтік желіде белсенділер 1072 акцияны айналымға еңгізу туралы бастамалар көтеріліп, бірнеше экономисттер  қолдаған. Олар ЭТТ ашық сипаттағы акционерлік қоғам болуы керек деп көреді.

Қолыңыздағы 1072 акция сізде толығымен тұрма? Бұл туралы сілтемеге өтіп, тексеруіңізге болады.

Ол үшін өзіңіздің регистр номеріңізді еңгізуіңіз керек.

Моңғолия Үкіметінің 2016 жылғы №334 қаулысы бойынша акцияларын Үсатуға ниет білдірген азаматтардың саны 1,309,983 болған. Және олардың 1,294,302 азамат өз қолдарындағы 386,416,192 дана акцияны үкіметке сатқан.

Алған ақшасы

Азаматтардың саны

Барлығы

1

100,142.00

48,270

4,833,854,340.00

2

200,284.00

187,096

37,472,335,264.00

3

300,426.00

1,058,936

318,131,906,736.00

Барлығы

 

1,294,302

360,438,096,340.00

 

Және де, қариялар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар, студенттер 1072 акцияны әр түрлі жолдармен Үкіметке қайтадан сатып жатыр.

Мысалы:

1. Дорж 2011 жылы денсаулық қамсыздандыруы бойынша 8040 төгрөгтің ырыздығына ие болған болса,
(1072*8040) / 1000000 = 8.61888 ≈ 9
Дорж
ның иемденетін акциясы: 1072 – 9 = 1063 болады.

2. Студент Бат 2011 жылы оқу төлеміне 500000 төгрөг, денсаулық сақтандыруына 8040 төгрөг барлығы 508040 төгрөг үкіметтен жұмсалған болса, 508040 төгрөгке:
(1072*508040) / 1000000 = 544.618 ≈ 545
акциясын жұмсап қойған.
Баттың еншісінде 1072 – 545 = 527 акция бар.

3. Студент Сүрэн 2012 жылы оқу төлеміне 491960 төгрөг Үкіметтен алған болса, ол (1072*491960) / 1000000 = 527.3811 ≈ 528 акциясын жұмсаған.
Сүрэн: 1072 – 528 = 544 акция еншілеп отыр.

4. Азамат Д 2012/03/18 күні дүниеден өткен немесе моңғолия азаматтығынан шыққан болса: 536 акциясы қалады.

5. Азамат Бат Үкіметке акциясын сатып, банк арқылы 300 426 төгрөг алған болса 322 дана акциясы есептен алынып 750 дана акциясы қалады.

6. Азамат Бат Үкіметке акциясын сатып, банк арқылы 200 284 төгрөг алған болса 215 дана акциясы есептен алынып, 857 дана акциясы қалады.

7. Азамат Бат Үкіметке акциясын сатып, банк арқылы 100 142 төгрөг алған болса 108 дана акциясы есептен алынып, әмиянында 964 дана акция қалады.

Жоғарыда көрсетілгендей, өз қолыңыздағы акция 1072 ден кем жағдайда, сіз үкіметтің қандай бір ырыздығына ие болғаныңызды көрсетеді.

ЭТТ өз акцияларын 2018 жылдың қыркүйек айында Моңғолия қор биржасында еркін айналымға шығаруды жоспарлап отырғанын ресми хабарлап отыр.

Сондықтан, әр азамат бүгіннен бастап брокерлік компанияларға барып, тіркеліп өз дайындығын жасап алуы керек. Биржаға шыққан күні акцияларын сатуға немесе акция қосып алуға болады.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0