Моңғолия Президенті Баян-Өлгийде жұмыстап қайтты

2018 Жыл 05 айдың 08 күні

KAZNEWS - Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга Баян-Өлгий аймағында жұмыстап, Өлгий қалалық Құрманхан атындағы музыкалы драма театрда халықпен кездесу өткізді.

Баян-Өлгий аймағының халқы 101,5 мың, мал саны 2,2 млнға жетіп отыр. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек 1000 ға жуық адам еңбек нарығында белсенді жұмыс іздеуші деп тіркелген. Жұмыссыздардың басым бөлігін 15-34 жастағы азаматтар құрап отыр.

 Монголбанк мәліметі бойынша 2018 жылы банктердегі қарыз 132,6млрд төгрөгті құрап отыр. Уақытылы қайтарылмаған 4,5 млрд төгрөг бар. Оның 1,8 млрд төгрөгі нашар кредит болып есептелген. Ал, азаматтардың банктегі жинақ қоры 86,4 млрдға жетіп, өткен жылғы көрсеткіштен 16,5 пайызға артылған.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0