Моңғолия әуе күштерінің бас қолбасшысы, ұшқыш генерал-майор Мүдәріс Зайсановты еске алды

2018 Жыл 05 айдың 08 күні

KAZNEWS - 5 мамырда Улаанбаатар қаласында Қазақстан Елшілігі Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай және Жеңіс күні қарсаңында Моңғолияның атақты қазақ ұшқышы, Моңғолия әуе күштерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Мүдәріс Зайсановтың құлпытасына гүл шоғын қою рәсімін өткізді.

Гүл қою рәсіміне Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Қалыбек Қобландин, Моңғолия Ғылым Академиясының академигі, экс-депутат Бәкей Ағыпар, жазушы, Моңғолияның белгілі қоғам қайраткері Сұлтан Тәукейұлы, Моңғолияның Ғылыми техникалық университетінің профессоры Гүлнар Чакерханқызы, Улаанбаатардағы «Жерлестер» қазақ ұйымының төрағасы Тлеухан Нәжікейұлы және басқа да қоғам белсенділері қатысты.

Мүдәріс Зайсанов - Моңғолия қарулы күштерінде қызмет атқарған қазақ азаматы, генерал-майор. 1910 жылы Зайсан өңірінде туылып, 1920 жылдары Монғолияға қоныс аударған. 1932 жылы Орынбордағы ұшқыштар даярлайтын училищені тәмамдаған.

Халхин-Гол шайқасы кезіндегі ерліктері үшін Моңғолияның және Кеңес Одағының «Қызыл ту» орденімен марапатталып, 1944 жылы генерал-майор шенінде Моңғолия Әуе әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалған. Зайсанов 57 жасында Улаанбаатарда дүние салды.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0