Памуккале - ISO 9001:2015 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес деп танылды

2018 Жыл 04 айдың 19 күні

KAZNEWS - МонСертф сертификаттау компаниясының аудиторлар командасы Баян-Өлгий аймағының Паккале компаниясының сапа менеджменті жүйесін тексеріп, сапа менеджменті жүйесі ISO 9001:2015 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес келеді деп таныды. Паккале компаниясы Памуккале рестораны және Памук кофешопы арқылы халыққа танымал болған.

Сапа менежменті жүйесінің сертификатын ҚР-ның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қалыбек Қобландин мырза табыс етті. Сертификат табыстау рәсіміне МонСертф компаниясының директоры Г.Билгүүн, компания өкілдері П.Цэцэцгмаа, Д.Цэрэнжав, Паккале компаниясының директоры Айнагүл Айыпханқызы мен А.Абдуллах қатысты.

Естеріңізге салсақ, «МонСертф» компаниясы IAF Халықаралық аккредиттеу форумының толық құқықты мүшесі және (ISO/IEC 17065) Өнімдерді сертификаттау органдарын аккредиттеу жөніндегі IAF MLA көп жақты тану туралы келісімге қол қоюшы болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық аккредиттеу орталығынан халықаралық сапа менеджменті жүйесі бойынша сертификатын алған болатын. Сондықтан, МонСертф компаниясы ISO 9001 сертификаттау жүйесі шеңберінде сапа менеджменті жүйесі бойынша сертификат беруге құқылы болған.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0