Түркия Премьер-министрі Моңғолияға ресми сапармен келді

2018 Жыл 04 айдың 06 күні

KAZNEWS - Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым ресми іс-сапармен Моңғолияға келді.

Бинали Йылдырымды Моңғолия премьер-министрі Ухнаагийн Хүрэлсүх Сүхбаатар алаңында қарсы алды.

Іс-сапар барысында тараптар ауылшаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, туризм, төтенше жағдай, транспорт, байланыс саласы, Ұлттық кітапхана және Түркияның шетелдегі қауымдастықтары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бұдан бөлек Бинали Йылдырым баламалы энергетика саласында ынтымақтастықты күшейту, 700 мың тұрғын үй салған Түркияның Мемлекеттік тұрғын үй басқармасы мен моңғолияның құзырлы органдары арасында байланыс орнатып, азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында бірлесіп жұмыстауға зор мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Моңғолия Үкіметінің баспасөз қызметі



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0