Цагааннуур кеден бекеті жаз мезгілінде 21:00 сағатқа дейін жұмыстайды, БІРАҚ?

2018 Жыл 04 айдың 06 күні

KAZNEWS - Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы, Ресей Федерациясының Алтай Республикасының шекаралық қызметінің өкілдері және Цагааннуур кеден бекетіндегі шекаралық бақылау органдарының басшыларының жұмыс кездесуі болды. Бұл туралы Монцамэ хабарлап отыр.

Жұмыс кездесуіне қатысушылар шекара қызметіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Цагааннуур-Ташанта бекетінде жолаушылар саны көбейген кезде тараптар өзара келісіп жұмыс уақытын 09:00-21:00 сағатқа дейін созуға болатынын, жолаушылар саны аз кезде бұрынғы сағат бөлісі бойынша жұмыстай беретінін айтып, шекаралық қызмет өкілдері протоколға қол қойысты.

Бірақ, аймақтық Кеден басқармасының хабарлауынша бұл мәселені екі елдің Сыртқы Істер министрліктері өзара ынтымақтастық деңгейінде қарастырып, соңғы шешімді шағарады екен.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0