МонСертф компаниясы ҚР-ның Ұлттық аккредиттеу орталығынан сертификат алды

2018 Жыл 04 айдың 06 күні

KAZNEWS - IAF Халықаралық аккредиттеу форумының толық құқықты мүшесі және (ISO/IEC 17065) Өнімдерді сертификаттау органдарын аккредиттеу жөніндегі IAF MLA көп жақты тану туралы келісімге қол қоюшы болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық аккредиттеу орталығынан моңғолиялық «МонСертф» компаниясы халықаралық сапа менеджменті жүйесі бойынша сертификатын алды.

МонСертф компаниясы ISO 9001 сертификаттау жүйесі шеңберінде сіздің қызметіңізге сапа менеджменті жүйесі бойынша сертификат беруге құқылы болып отыр.

Сертификат табыстау рәсім 5 мамырда Улаанбаатар қаласында өтті. Рәсімге ҚР-ның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің Бірінші хатшысы Смагулов Нурлан Калиевич арнайы қатысып, компания директоры Ганболдын Билгүүнге сертификатын табыс етті.

Қазіргі таңда компаниялар үшін ISO –мен сертификатталған болуы міндетті қажеттілік болып отыр. Себебі бұл кейбір тапсырыс берушілермен шарт жасау кезінде, іс жүзінде және көптеген тендерлерге қатысу үшін қойылатын талаптардың біріне айналуда.

Ал, ISO 9001:2015 талаптарына сәйкес компания қызметінің тұрақтылығының кепілі болады және ешқандай кездейсоқ жағдайлар ұйымның тұтынушыларға талап етілетін сапалы өнім ұсынатына әсер етпейтіне кепілдік береді.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0