Қауіпсіз кеңес. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жетістіктері

2018 Жыл 03 айдың 30 күні

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде кезекті төраға ауысты. Қазақстан әлемдегі ең басты халықаралық ұйымның негізгі органында бір ай басшы болуынан кейін өз орнын Кувейтке берді. Қазақстанның бір айлық төрағалығы кезеңінде ҚК кейбір мүшелері жылдап қол жеткізе алмаған жетістіктерге жетті.

2018 жылдың қаңтары халықаралық қатынастардың ең тынымсыз айларының бірі ретінде тарихта қалады. Кем дегенде соңғы бірнеше жылда деп айтуға болады. Жылдың алғышқы төрт аптадан асатын уақытында Ресей мен АҚШ арасындағы онсыз да «қырғи-қабақ» шиеленіс жаңа санкциялар салдарынан қарқын ала бастады. Ауғанстанда соңғы жылдардаңы ең көп адам шығынына алып келген бірнеше лаңкестік оқиға орын алды. Таяу Шығыста кезекті шиеленіс пайда болды, Түркия Сириядағы күрдтерге қарсы әскери операциясын бастады.

Аталған барлық мәселені Қазақстан БҰҰ ҚК төрағасы бола отырып назардан тыс қалдырмады. Тек Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Кеңестің төрт отырсы өтті. Жалпы алғанда Қауіпсіздік Кеңесі мүшелері дөңгелек үстелге 20 астам рет жиналды.

Қазақстан жалпыға ортақ қауіптер мен қатерлерді талқылауға салды. Ауғанстан тарапынан туындайтын қауіп те солардың қатарында. Ауған мәселесіне Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің жеке отырысын арнады. Дегенмен, ресми Астана ұйым мүшелерінің назарын осы мәселеге аударта білді. Оған дәлел, 2010 жылдан бері алғаш рет БҰҰ ҚК өкілдері Ауғанстанда ресми іссапармен болды. Қаңтардың 13 мен 15 аралығында Кеңестің барлық 15 мүшесі елшілерінен құралған делегация сол елде болып жатқан оқиғаны өз көздерімен көріп, бағалап тиісті шешім қабылдау үшін Кабулда болды.

Сонымен бірге, Қазақстанның төрағалығы кезінде тағы бір басты назар аударылған мәселелердің бірі жаппай қырып-жою қаруын таратпау еді. Елдер ядролық арсеналымен, «қызыл батырмаларымен» күш салыстырып жатқан уақытта, әлем болса аталған жайтқа үйреніп, әдеттегідей бақылау үстінде. Тек ядролық қарудың қасіретін сезінген млекеттер ғана әлемде қарқын ала бастаған ядролық қауіптің салдары қандай болатынын түсінеді.

Бұл жерде мәселе жаппай қырып-жою қаруының санында, не болмаса таралу аймағында емес, ең маңыздысы сол қарудың бар болуы. Қазақстан Президентінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген сөзінде айтып өткеніндей, аталған қаруға ие мемлекеттер санының артуы оның лаңкестер қолына өту қатерін ұлғайтады. Яғни келісімге әрқашан келе бермейтін шынайы қарақшылар. Оларға ядролық қаруды иемдену, қарапайым қарумен соғысудағы жеңілістеріне есе қайтаруға таптырмайтын мүмкіндік. Олай бола қалған жағдайда, әлемдегі орны, қару-жарағының бар болуы немесе милитаристтік сенімділіген қарамастан,  барлығы дерлік жапа шегеді.

Дәлірек айтсақ, бүгінгі таңда жаппай қырып-жою қаруын таратпау – адамзаттың тірі қалуының мәселесі болып табылады. Нұрсұлтан Назарбаев аталған қаруды иемдену және таратуға байланысты жазалаудың іске асар механизмін ойлап табу және Ядролық қаруды таратпау шартынан шығуды қиындату туралы ұсыныстар жасады.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық ету асығыстықпен ресми шара деп айтылып жатады. Дегенмен, Қазақстанның тәжірибесі мәселенің іске кімнің және қалай қарайтындығында екенін көрсетеді. Аталған айда Қауіпсіздік Кеңесінде айтарлықтай даудың орын алмағандығын және барлық резолюциялар бірауыздан қабылданғандығын ескере келе, Қазақстанның бұл жұмысқа тиянақты және ойластыра дайындалғанын аңғаруға болады. Ендігі кезекте әлем қауымдастығы өз болашағы үшін үлкен жауапкершілік танытуы тиіс.

Хайрат Ахмет



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0