Қазақстандық жоғары оқу орындарына қандай гранттар бар

2018 Жыл 03 айдың 19 күні

Моңғолияның Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында (сілтемесі: http://www.mecss.gov.mn/ALL-2018-2019) 2018-2019 оқу жылына қазақстандық жоғары оқу орындарына білім гранттарын алу мүмкіндігі туралы ақпарат жарияланды.

Қазақстанда оқуға ниет білдірген моңғолиялық азаматтар Моңғолияның Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігіне құжаттарын тапсыруы тиіс.

Моңғолиялық тараптың сұранысы бойынша тау-кен, халықаралық қатынастар, текстиль, жол құрылысы инженері мамандықтары бойынша 5 грант  (2 бакалавриат, 2 магистратура және  1 докторантура)  бөлінген.

Аталған білім гранттары аясында қазақстандық тарап тегін білім, шәкіртақы және жатақханамен қаматамсыз етеді (жол қаражаты грант иегері есебінен).

Сонымен қатар Қазақстанда білім алу мәселелері бойынша +976-80952025 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0