Үш дзюдошы легионер ретінде Біріккен Араб Әмірлігі командасының құрамына өтеді

2018 Жыл 02 айдың 20 күні

KAZNEWS - Моңғолиялық үш дзюдошы легионер ретінде Біріккен Араб Әмірлігі командасының құрамында өнер көрсететін болды.

Легионерлер тобында 66 келі салмақта өнер көрсететін халықаралық дәрежедегі спорт шебері Д.Төмөрхүлэг, 81 келі салмақта Н.Дагвасүрэн, +100 келі салмақта Б.Тэмүүлэн қатарлы спортшылар бар.

Олар наурызда келісімге отырып, мамыр айынан бастап Біріккен Араб Әмірлігі атынан құрлықтық және халықаралық жарыстарға қатысады. Барлығы жеті дзюдошы үш елде легионер атанып отыр.

Естеріңізге салсақ, моңғолия дзюдошылары арасынан алғаш рет қыздар арасындағы 48 келі салмақта Г.Отгонцэцэг Қазақстан Республикасының азаматтығын алған болатын. Ол, бүгінге дейін қазақстанға олимпиада және әлем чемпионатының қола жүлдесін  сыйлап отыр.

Сонымен қатар, өткен жылы Азербайжан дзюдо федерациясының құрамына Э.Базаррагчаа, П.Буянхишиг, М.Ичинхорлоо қатарлы спортшылар қабылданған болатын.

Томофүжи Такажо,Төмөрхүлэг Даваадорж, Мирзохид Фарманов, Азамат Муханов. 2014 жылғы Азия ойындарында.

Н.Даваасүрэн

Тедди Ринер, Баттулга Тэмүүлэн



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0