Ш.Исламаллабек: Мен үшін жаттығу жиынын өткізіп алмау керек

2018 Жыл 02 айдың 19 күні

Исламаллабек Шаяхметұлы кикбоксингтен Тайланд астанасы Ванкгок қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады. Былғары қолғап шеберінің Kaznews AA тілшісіне берген шағын сұхбатын ұсынамыз.

  • Азия чемпионатына қатысуға жолдама алды деп естідік?

12-17 наурызда Тайланд астанасы Ванкгок қаласында өтетін азия чемпионатына қатысуға жолдама алдым.

  • Жаттығу жұмыстары қайда болады?

Жаттығу жиыны Ванкгокта бірнеше күннен кейін басталады. Елімізден 4 спортшы жаттығу жиынына қатысуға кеткен.

  • Сіз ше?

Азия чемпионатына қатысатын спортшыларға мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетілмейді. Сондықтан спортшылар өз қалтамыздан барлық шығынды көтеруге тұра келеді. Мен үшін жаттығу жиынын өткізіп алмау керек.

  • Қаржылай қолдау ел азаматтарынан болмады ма?

Спортты түсінетін Асқар, Тілеуберді Мұратұлы, Самархан Келдекұлы қатарлы біраз азаматтар қолдау көрсетіп отыр. Оқу жаттығуға қатысып, жарыс күні шаршы алаңда топ жарып, биік тұғырдан көрінуді мақсат тұтамын.

Жолыңыз ашылсын! Ел абыройын асқақтата беріңіз!

P.S. Ш.Исламаллабекке хабарласу +976-99627113



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 3
Hanserik 
/ 2018-02-21 00:31:28 /
Alga tekkana alga💪💪💪👊
Жантайлақ 
/ 2018-02-20 10:48:24 /
Женіс тұғырынан көрінуіне тілектеспін.
Ahjarhin  
/ 2018-02-19 22:41:09 /
Dosim tabis tileim . Sen shidaisin tabis