Б.Чинзориг Иштван Боскай турнирінде күміс жүлдеге ие болды

2018 Жыл 02 айдың 12 күні

KAZNEWS - Венгрияның Дебрецен қаласында бокстан Иштван Боскайды еске алуға арналған турнир аяқталды. Аталмыш турнирге Моңғолия құрамасынан 52 келі салмақ дәрежесінде Нұрлан Асқарұлы, 60 келі салмақта Э.Цэндбаатар, 64 келі салмақта Б.Чинзориг қатысқан болатын.

64 келі салмақ дәрежесінде финалдық кездесу Б.Чинзориг пен қазақстандық боксшы Саматәлі Толтаев арасында өтті. Кездесу Саматәлі Толтаевтың басымдығымен аяқталып, Б.Чинзориг күміс жүлдені қанағат тұтты.

Естеріңізге салсақ, Иштван Боскайды еске алуға арналған 2015 жылғы турнирінде Нұрлан Асқарұлы қола жүлде алған болатын.

Боксшыларымыз ақпанның 19-26 күндері Болгарияның Софи қаласында өтетін халықаралық жарысқа қатысады.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0