Ел біріншілігінің қола жүлдегері Жандос Болашақұлы: Ел абыройын асқақтату арманым!

2018 Жыл 02 айдың 07 күні

KAZNEWS - Дзюдошы Жандос Болашақұлы жастар арасындағы ел біріншілігінде қола медаль алды. Улаанбаатарда өткен дзюдодан ел біріншілігінде -90 келі салмақпен сынға түскен ол тұғырға көтерілді. Ол 1999 жылы Баян-Өлгий аймағында туған. Спортшы KazNews AA тілшісіне сұхбат беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

  • Бұл, ел біріншілігіне қатысқан алғашқы жарысыңыз ба?

Жоқ, 2015 жылы жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігіне және батыс зоналық чемпионатқа қатысып қола жүлде алғанмын.

  • Ел біріншілігіне дайындығыңыз қалай болды?

Дайындығым жақсы. Орталық спорт кешенінде жаттықтырушым Ш.Дожо, Т.Энхцэцэг ұстаздардың оқу-жаттығу жиындарында үйреткен жаттығулары мен тапсырмаларын бәрін орындадым. Аздап тәжірибем жетіспеді. Мемлекеттік лашын Серік Бердімұратұлы ағамыз жаттығу кезінде көмектесіп, ақыл кеңесін айтып отырады. Лашын Серік ағамызға алғыс білдіремін.

  • Қола медальға қанағаттанасыз ба?

Қола медальды қанағат тұттым, шүкір деймін. Бұл тек бастамасы ғана. Алда көптеген жарыстар бар.

  • Дзюдомен шұғылдануға кім себепкер болды?

Әкем мен інісі Маралбек (атағы - аймақтық піл) ағам себепкер болды. Алғашқы бапкерім Ерлан Манарбекұлы ағамыз болды.

  • Алда тағы қандай жарыстарға қатысасыз?

Дзюдодан студенттер арасындағы ел біріншілігі, ересектер арасындағы ел біріншілігі және самбодан жастар арасындағы ел біріншіліктері бар. Бұл жарыстарға 81 келі салмақта белдесетін боламын. Бұйырса соған дайындаламын.

  • Мақсатыңыз?

Арманым мен мақсатым – Ел абыройын асқақтату. Және әкемнің атын әлемге паш ету.

  • Басқа айтарыңыз болса...

Күрескен кезде нәтижем болмай кеткен кездері сеніп, психологиялық қолдау көрсетіп, демеу бергені үшін ата-анама алғыс айтамын.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 1
Jatu 
/ 2018-02-07 11:12:38 /
Armanyna jet!)