Отгонцэцэг Галбадрах Олимпиада стипендиясын алады

2018 Жыл 02 айдың 06 күні

KAZNEWS - Қазақстандық 24 спортшы Олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламасы аясында олимпиада стипендиясына ие болды. Бұл туралы ҚР-ның Дзюдо федерациясы хабарлады.

Стипендиаттар арасында дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасының спортшысы Отгонцэцэг Галбадрах бар.

Халықаралық олимпиада комитеті 2020 жылы Токиода өтетін олимпиадаға қатысу мүмкіндігі жоғары спортшыларды іріктеп, оларға 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап арнайы қаржылай стипендия тағайындады.

Отгонцэцэг Галбадрах - ҚР Чемпионы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, Әлем Чемпионатының қола жүлдегері, "Құрмет" ордененің иегері, Азия Чемпионы, әлемдік Гран При және "Үлкен дулыға" турнирлерінің бірнеше дүркін чемпионы екенін айта кеткеніміз жөн болар.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0