Молбайұлы Алтынбек ауыратлетикадан ел ЧЕМПИОНЫ атанды

2018 Жыл 02 айдың 05 күні

KAZNEWS - Ақпанның 3-4 күндері жасөспірімдер арасында өткен ауыр атлетикадан Ел біріншілігінде Баян-Өлгийлік спортшылар бір алтын, бір күміс және екі қола жүлде алған.

Ел біріншілігіне барлығы 190 спортшы бақ сынап, жасөспірімдер арасынан мемлекеттік 16 рекорд жаңартылған.

Ең әуелі Молбайұлы Алтынбек 50 келі салмақта қос сайыс бойынша алтын медаль жеңіп алды. Ол жұлқи көтеру бойынша 55 келіні бағындырып, серпе көтеру сайысында 77 келіні көтерген.

Ал, +69 келі салмақта Ерболұлы Тілек күміс жүлдеге қол жеткізсе, 56 келіде Біржанұлы Қызыр қола медаль еншіледі. Қыздар арасындағы сайыста Арай Талғатқызы 53 келі салмақта қола жүлдегер атанды.

Естеріңізге салсақ, Өлкелік ауыратлеттерді Мұхаметқалиұлы Талғат жаттықтырады.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0