Қытайға көмір экспорттаушы мемлекеттер арасында Моңғолия үшінші орында тұр

2018 Жыл 02 айдың 01 күні

KAZNEWS - Өткен жылы Қытайға көмір экспорттаушы мемлекеттер арасында Моңғолия үшінші орынға жайғасты. 

Қытайға көмір экспорттау жөнінде Австралия көш басында тұр. Көмір экспортының көлемі 79,9 миллион тоннаға жетіп отыр. Бұл 2016 жылғы мәліметке салыстырғанда 13,4 пайызға артқан. Ал, екінші орын Индонезияға бұйырған. Бұл ел көршімізге 35,28 миллион тонна көмірін экспорттаған.

Бұған дейін Солтүстік Корея көршімізге шамамен 20 миллион тонна көмір экспорттап келген. Алайда, Солтүстік Кореяға саяси және күрделі геополитикалық жағдайларға байланысты салынған санкция салдарынан 20 миллион тонна көмірдің орыны босап қалды. Бұған байланысты қытай импортында Ресей Федерациясы мен Моңғолияның көмірінің үлесі де арта түскен.

Моңғолия 33,5 миллион тонна көмірін қытайға экспорттаған. Бұл 2016 жылға салыстырғанда 27 пайызға артылған. Көмір экспортынан  түскен пайда 2,2 миллиард АҚШ долларын құрап отыр.

Ресей Федерациясы қытайға өткен жылы 25,3 миллион тонна көмірін экспорттаған. Ресей Федерациясы өткен желтоқсан айында қытайға 2,1 миллион тонна көмір тасымалдаған болса, Моңғолияның тасымалы 2,8 миллион тоннаға жеткен.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0