Баян Мақсатқызы Улаанбаатарда Қазақ аруы халықаралық байқауын ұйымдастырмақ

2018 Жыл 02 айдың 01 күні

«Қазақ аруы» халықаралық байқауына биылдан бастап Қазақстан Республикасынан сырт Моңғолия, Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанда іріктеу өткізіліп, ақтық мәреде бақ сынайтын үміткерлер таңдап алынады.

Қазақстанның белгілі продюсері Баян Мақсатқызы Улаанбаатар қаласында 2018 жылы ақпанның 15-20 күндері «Қазақ аруы» халықаралық байқауын ұйымдастырмақ.

Қазақ тілін еркін меңгеріп, тарих, мәдениет, салт-дәстүрді білсеңіз, сымбаты мен сәніңіз, өнер мен дарыныңыз келіссе, Сізге «Қазақ аруы» болу мүмкіндігі ашық.

Аталған халықаралық байқауға қатысушы қыздарымыздың жасы 16-23,  бойы 170 см-ден биік, салмағы 53 кг-ға дейін болуы шарт.

Моңғолия астанасында сыналту: 2018 жылы ақпанның 15 күні жүріледі. (Мекен жайы кейін хабарландырылады)

Үміткерлер 88111516, 99022123 номерлеріне хабарласып, ainagulk@yahoo.com электрон поштасына өмірбаян және фотосуреттерін жолдап, тіркелуі қажет.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 2
Kaznews 
/ 2018-02-02 16:14:53 /
Jogaridagi telephone nomerine kabarlasip kor, Siniltai
balnur tilekberdi 
/ 2018-02-02 03:35:31 /
salemetsizben tizimdeu haida boladi