Моңғолия қор биржасындағы БАЯН-ӨЛГИЙлік компаниялар туралы не білеміз?

2018 Жыл 01 айдың 26 күні

KAZNEWS - Қор биржасы деген құнды қағаздар сататын мекеме деп ойлайтындар бар. Шындығында бұл дұрыс емес. Қор биржасы онда сатылатын қағаздарға еш иелік етпейді және бағасын белгілеуге де құқы жоқ. Бұл мыңдаған компаниялардың өз құнды қағаздарын сататын орын.

Қор биржасы құнды қағаздарды сату және сатып алу үшін барлық қолайлы жағдайлар жасап, компаниялар мен клиенттерге қызмет көрсетеді. Биржа сұраныс пен ұсыныстың еркін әрекеттесуі үшін барлық кедергілерді болдырмауға күш салады.

MSE.mn порталындағы мәліметке жүгінсек аймағымыздан Моңғолияның Қор биржасына (MSE) тіркеулі  төрт компания бар.

  1. Азық компаниясы 1992 жылы Моңғолия Қор биржасына тіркелген. Бүгінгі мәлімет бойынша бір бағалы қағазының құны 2248 төгрөг. Инвестор 50 дана бағалы қағазын 1700 төгрөгпен сатып алуға тапсырыс берген. Бірақ тапсырыс орындалмағаны көрініп тұр. Компанияның Қор биржасындағы бағалы қағаздар саны 124924 дана.
  2. Ачит алқабы 1992 жылы Моңғолия Қор биржасына тіркелген. Бүгінгі мәлімет бойынша бір бағалы қағазының құны 523 төгрөг. Инвестор 100 дана бағалы қағазын 523,25 төгрөгпен сатып алуға тапсырыс берген. Бірақ тапсырыс орындалмағаны көрініп тұр. Қор биржасындағы бағалы қағаздар саны 74127 дана.
  3. Тұлпар компаниясы 1993 жылы Моңғолия Қор биржасына тіркелген. Бір бағалы қағазының құны 50 төгрөг. Инвестор 1000 дана бағалы қағазын 57,50 төгрөгпен сатып алуға тапсырыс берген. Бірақ тапсырыс орындалмағаны көрініп тұр. Қор биржасындағы бағалы қағаздар саны 268829 дана.
  4. Эрчим Баян-Өлгий компаниясы 1995 жылы Моңғолия Қор биржасына тіркелген. Бір бағалы қағазының құны 460 төгрөг. Инвестор 100 дана бағалы қағазын 529 төгрөгпен сатып алуға тапсырыс берген. Бірақ тапсырыс орындалмағаны тағы да көрініп тұр. Қор биржасындағы бағалы қағаздар саны 536177 дана. 

Бағалы қағаздарды сатып алуға ұсыныстың келуі нарықта сұраныстың бар екендігін көрсетсе, ұсыныстың орындалмауы жоғарыда аталған компаниялардың акционерлері өз қолындағы бағалы қағаздарын сатуға құлықсыз екенін көрсетіп отыр. - дейді сарапшылар.

Брокер-дилер

Брокер дилер – брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыру бойынша мемлекеттен арнайы лицензия алып, жұмыс жасайтын заңды тұлға. Құнды қағаздарды сатып алу және сату – оның негізгі кәсібі, сондықтан олар басқа коммерциялық іспен айналыса алмайды.

Елімізде брокер-дилердік қызмет көрсететін 58 компания бар.

Ал, Баян-Өлгий аймағында "Таванбогд ҮЦК" брокерлік компаниясы қызмет көрсетеді.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0