IKON: Елге де, халыққа да пайдалы іс жасау Бәделхан Қабдысіләмұлының қолынан келеді

2018 Жыл 01 айдың 10 күні

IKON - Елге де, халыққа да пайдалы маңызды мәселелерді шешу Құрылыс, қала құрылымдары министрі Бәделхан Қабдысіләмұлының қолынан келеді.

Екі мәселенің де түйінін шешу үшінгі жобалар қазір де оның жұмыс үстелінде дайын тұр.

Бастапқыда халықты қолжетімді баспанамен қамту. Екіншісі оншақты жыл айтылып, шешімін таппай келген түтін мәселесін шешудің жолы екен.

Бұған тек мемлекеттің жақсы саясаты керек. Мемлекет білікті менежердің қызметін атқарар болса 30 мың түтіктің мәселесін шешудің жолы оңай. Әрі Улаанбаатардың түтінін азайтуға септігі тиетіні сөзсіз. Бірақ ең бастысы оңтайлы және жылдам реттеуді талап етіп отыр.

Қазіргі таңда құрылыс саласындағы сатып алу қызметтері тоқтап тұр. Бүгінде 80 мыңға жуық тұрғын үй құрылысы қызу жүріліп жатса, нарықта 35 мың тұрғын үй иесін күтуде.

Ал тұрғын үй иеленуді көздеген азаматтар ипотекаға еңу үшін банктен қойылған талаптардан сүрініп, тұрғын жайында көмірін жағып, мемлекеттен оңтайлы шешім күтіп жүр.

Қ.Бәделханның тапқан жолы қыруар қаржы талап етпейді. Мемлекеттен қолдау тапса, ел үшін, халық үшін игі іс болары анық.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0