МОҢҒОЛИЯ: Елімізге келген шетелдіктер саны өткен жылы 9,4 пайызға артқан

2018 Жыл 01 айдың 16 күні

KAZNEWS - Статистика комитетінің дерегінше, Моңғолияға шетелден келген қонақтар саны жыл сайын көбейіп келеді.

2017 жылы шетелден 5,9 миллион қонақ шекара асқан. Бұл көрсеткіш 2016 жылғы есептен 513,1 мыңға артық, яғни 9,4 пайызға өскен.

Моңғолияға ең көп келетін елдерден 37.2 пайызын ҚХР, 20.3 пайызын Ресей Федерациясы, 14.1 пайызын Оңтүстік Корея, 4.3 пайызын Жапония, 3.3 пайызын АҚШ және 2.7 пайызын Қазақстан Республикасының азаматтары, 18,1 пайызын өзге мемлекеттердің азаматтары иеленуде.

Ал, 2017 жылы 2.4 миллион адам шетел асқан болса, олардың 1.8 миллионы жеке шаруамен барған.

 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0