Алтынгүл Болатқызының жаңа кітаптары жарық көрді

2018 Жыл 01 айдың 12 күні

KAZNEWS - Доктор, профессор Алтынгүл Болатқызының «Қазақ халқының мәдениеті, салт дәстүрі», «Францияның моңғол тануы» атты кітаптары моңғол тілінде жарық көрді. Онда көшпелі қазақ халқының өмірі оның мәдениеті мен салт дәстүрі көрініс тапқан.

Алтынгүл Болатқызы өзінің «Қазақ халқының мәдениеті, салт дәстүрі» атты кітабында қазақи салт-дәстүрдің ерекшеліктерін атап көрсеткен.

Сонымен қатар, «Францияның моңғол тануы» атты кітабында моңғол танушы ғалымдардың өмірбаяны мен еңбектері жазылған.

Доктор, профессор Алтынгүл Болатқызы Моңғолияның Ұлттық университетінде франц және роман тілдері кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.

 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0