Бала салған сурет нені білдіреді?

2017 Жыл 12 айдың 21 күні

Барлық бала қозғалыс ойындарын, ән айтуды және сурет салуды жақсы көреді. Балалар кішкентайынан бастап, түрлі түсті бояулармен, қарындаштармен, фломастермен немесе алақанмен таза ақ параққа содан соң, шығармашылығын түсқағазға, қабырғаға және тоңазытқышқа салумен жалғастырады. Сурет салу бала үшін жағымды жаттығумен қатар, оның ішкі жағдайын көрсететін ақпарат екенінін ескеріңіз. Бала салған суретке және ол қолданған түстерге мұқият қарасаңыз, кішкентай суретшінің не сезітеніндігін байқауға болады. Балаңыздың суретіне анализ жасауды ұсынамыз.

Алайда баланың жасын ескеріңіз. Мысалы, үш жасар бала салған суретте сызықтар қисық, аяқтары бар дөңгелек оның адамды салғаны болып шығады. Бала төрт жасында бет пішінін келтіріп, аяқтары мен қолдарын таяқа етіп салады. Бес жасында бала адамның басын анық алып, қол-аяқтары бар дене сала алады. Сондықтан бала суретіндегі жоқ деталь үшін қазбалаудың қажеті жоқ. Суреттегі кей түстердің нені білдіретінін анықтайық.

- Егер бала суретінде қою көк түс көп кездессе, махаббат қажеттілігін қанағаттандыруды және тыныштықты қалайтындығын білдіреді.

- Қызыл – баланың еркіндік күшін, жоғары белсенділікті және агрессияны білдіреді. - Жасыл түс баланың салмақтылығы, табандылығы және тәуелсіздігі туралы айтады.

- Сары түс баланың білуге құмарлығын және оптимизмді білдіреді.

- Күлгін түс баланың қиялдануға жақын және жоғары сезімталдығын білдіреді.

- Баланың қоңыр және қара түстерді көп қолдануы жағымсыз сезімдерді білдіреді. Ол баланың жабырқаулы екендігін, өзгеріс қалайтындығын және келіспеушілігі бар екендігін көрсетеді.

Егер бала сурет салуда отбасы мүшелерін толық салмаса, суретке салынбаған адамға ренішін білдіруі мүмкін.

Егер барлық адамнан өзін бөлек салып қойса, үлкендер арасында бала өзін оқшау сезінеді. Егер отбасы мүшелерінің (мысалы, аға-қарындастары) өлшемдері бірдей кішкентай болса, отбасыда бәрі жақсы. Балалар отбасыда болып жатырған барлық келіспеушілікті сезінетінін ұмытпаңыздар.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0